Метронидазол в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению метронидазола в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток метронидазола, взаимодействие с другими лекарствами, применение метронидазола (таблетки) при беременности. Инструкции: Метронидазол в растворе; Метронидазол в свечах;
Торговое название: Метронидазол
Международное название: Метронидазол
Лекарственная форма: Таблетки 250 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01X Прочие антибактериальные средства
J01X D Производные имидазола
Фарм. группа:
Противомикробные препараты для системного использования. Производное имидазола. Метронидазол. Код АТХ J01X D01
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25 °С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
4 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки круглой формы, с плоскоцилиндрической поверхностью белого или белого с желтовато-зеленоватым оттенком цвета, с риской и фаской.

Состав метронидазола в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество метронидазола

метронидазол 250 мг
250 мг метронидазол

Вспомогательные вещества в метронидазоле

крахмал картофельный, тальк, желатин
картоп крахмалы, тальк, желатин

Показания к применению таблеток метронидазола

  • трихомонадный вагинит, уретрит
  • лямблиоз, амебная дизентерия, анаэробные инфекции, вызванные чувствительными к препарату микроорганизмами
  • комбинированная терапия тяжелых смешанных аэробно–анаэробных инфекций
  • профилактика анаэробной инфекции при хирургических вмешательствах (особенно на органах брюшной полости, мочевыводящих путях)
  • хронический гастрит, язвенаня болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки, ассоциированные с Helicobacter pylori ( в комбинации с аммоксициллином )
  • трихомонадты вагинитте, уретритте
  • препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған лямблиозда, амебалық дизентерияда, анаэробты жұқпада
  • ауыр сипатты аралас аэробты-анаэробты жұқпаларды біріктіріп емдегенде
  • хирургиялық араласулар кезінде (әсіресе құрсақ қуысы мүшелеріне, несеп шығару жолдарына) анаэробты жұқпалардың алдын алу үшін
  • созылмалы гастритте, Helicobaсter pylori-мен астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында

Противопоказания метронидазола в таблетках

  • повышенная чувствительность к имидазолам
  • беременность и период лактации (на время лечения необходимо прекратить грудное вскармливание)
  • лейкопения
  • органическое поражение центральной нервной системы
  • тяжелая печеночная недостаточность
  • применение у детей и подростков до 18 лет в сочетании с амоксициллином
  • комбинированный прием с дисульфирамом, алкоголем
  • детский возраст до 6 лет
  • имидазолдарға жоғары сезімталдық
  • жүктілік және лактация кезеңінде (емдеу кезінде емшекпен қоректендіруді тоқтату қажет)
  • лейкопения
  • орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы
  • ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде амоксициллинмен біріктіріп қолдану
  • дисульфираммен, алкогольмен біріктірілімде қабылдау ем
  • 6 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия таблеток метронидазола

Часто
  • металлический привкус во рту, обложенный язык, тошнота, рвота, сухость во рту, спастические боли в брюшной полости, запор или диарея
Редко
  • анафилаксия, полиморфная эритема, кожные высыпания, зуд, крапивница, фотодерматит, ангионевротический отек
  • головная боль, головокружение, слабость, сонливость, бессонница, обморок, синкопальные состояния, нарушения сознания, повышенная возбудимость, судороги, депрессия
  • периферическая нейропатия, проявляющаяся онемением, парестезиями (чувство ползания мурашек), в большинстве случаев исчезающие после отмены препарата или снижения дозы, энцефалопатия, мозжечковый синдром (атаксия, скандированная речь, нарушение координации движений, нистагм, тремор), психические нарушения, дезориентация, галлюцинации
  • диплопия, близорукость, светофобия
  • шум в ушах, потеря слуха
  • стоматит, острый панкреатит, проходящий после отмены препарата
Очень редко
  • изменения показателей ферментативной системы печени, холестатический гепатит и желтуха, проходящие после отмены препарата
  • транзиторная лейкопенияи и тромбоцитопения , изменение печеночных проб, панцитопения, часто исчезающая после отмены препарата
  • миалгия, артралгия
  • темное окрашивание мочи, вызванное наличием хорошо растворимых красителей в воде, появившихся в результате биотрансформации метронидазола
  • болевые ощущения во влагалище, грибковые инфекции
  • дизурия, цистит, полиурия, недержание мочи, кандидоз
В единичных случаях
  • аплазия костного мозга
Жиі
  • ауыздың металл татуы, өңезденген тіл, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, құрсақ қуысының түйіліп ауыруы, іш қату немесе диарея
Сирек
  • анафилаксия, полиморфты эритема, терінің бөртуі, қышыну, есекжем, фотодерматит, ангионевротикалық ісіну
  • бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, ұйқысыздық, естен тану, синкопальді жай-күй, сананың бұзылуы, қатты қозғыштық, құрысулар, депрессия
  • ұюмен, парестезиямен байқалатын, көп жағдайда препаратты тоқтатқаннан немесе дозаны азайтқаннан кейін жоғалып кететін шеткергі нейропатия (шымырлау сезімі арқылы), энцефалопатия, мишық синдромы (атаксия, мәнерлеп сөйлеу, қимыл үйлесімінің бұзылуы, нистагм, тремор), психикалық бұзылулар, бағдарсыздық, елестеулер
  • диплопия, алыстан нашар көру, жарықтан қорқушылық
  • құлақтағы шуыл, естімей қалу
  • стоматит, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын жедел панкреатит
Өте сирек
  • бауыр ферменттік жүйесі көрсеткіштерінің өзгеруі, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын холестатикалық гепатит және сарғаю
  • транзиторлық лейкопения және тромбоцитопения, бауыр сынамаларының өзгеруі, көбінесе препаратты тоқтатқаннан кейін жойылып кететін панцитопения
  • миалгия, артралгия
  • метронидазолдың биологиялық өзгеруі нәтижесінде пайда болған суда жақсы еритін бояғыштардың болуы туындатқан несептің қоңыр түске боялуы
  • қынаптағы ауыру сезімі, зеңдік жұқпалар
  • дизурия, цистит, полиурия, несепті ұстай алмау, кандидоз
Бірлі-жарым жағдайларда
  • сүйек кемігі аплазиясы

Особые указания к применению

В процессе лечения следует регулярно контролировать состав периферической крови, особенно при назначении высоких доз препарата в течение более 10 дней. С осторожностью назначают больным с эпилепсией, заболеваниями ЦНС со сниженным судорожным порогом, нарушениями кроветворения. При назначении препарата больным с нарушением функции печени следует проводить коррекцию режима дозирования из-за возможной кумуляции метронидазола в организме. Следует прекратить лечение при появлении атаксии, головокружения, при ухудшении неврологического статуса больных. С осторожностью назначают препарат больным, склонным к отекам, и больным, которые получают глюкокортикостероиды.

Во время лечения не употребляют спиртные напитки. Длительный прием желательно проводить под контролем клеточного состава периферической крови. После приема метронидазола слабительное не назначают.

Особенности влияния применения препарата на способность к управлению автотранспортом и потенциально опасными механизмами
Следует соблюдать осторожность.
Емдеу үдерісінде, әсіресе препаратты жоғары дозада 10 күннен артық тағайындаған кезде шеткергі қанның құрамына тұрақты бақылау жасау керек. Эпилепсия, құрысу шегі төмендеген ОЖЖ аурулары, қан түзілуінің бұзылуы бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Бауыр қызметінің бұзылуы бар науқастарға препаратты тағайындаған кезде организмде метронидазолдың жинақталуы мүмкін болғандықтан, дозалау режиміне түзету жүргізу керек. Атаксия, бас айналу пайда болғанда, науқастардың неврологиялық статусы нашарлағанда емді тоқтатқан жөн. Ісінуге бейім науқастарға және глюкокортикостероидтар алып жүрген науқастарға препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Емдеу кезінде спиртті ішімдіктерді пайдалануға болмайды. Ұзақ қабылдаған кезде шеткергі қанның жасушалық құрамын бақылай отырып жүргізген жөн. Метронидазолды қабылдағаннан кейін іш жібіткіштер тағайындалмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сақтықты сақтау керек.

Дозировка и способ применения

При амебиазе Метронидазол назначают внутрь в течение 7 дней – взрослым по 1500 мг в день, детям 5-10 лет – по 375 мг в день, 10-15 лет – по 500 мг в день. Принимать препарат 2-3 раза в день.

При лямблиозе препарат назначают в течение 5 дней – взрослым по 750-1000 мг в день, детям 5-10 лет – 375 мг в день, 10-15 лет – по 500 мг в день. Принимать после еды 2-3 раза в день.

При трихомониазе у женщин (уретрит и вагинит) Метронидазол назначают однократно в дозе 2000 мг или в виде курсового лечения в течение 10 дней: по 1 таблетке (250 мг) 2 раза в день. Параллельно с приемом внутрь назначают вечером по 1 вагинальному суппозиторию или вагинальной таблетке, содержащей по 250 мг метронидазола.

Для исключения возможной реинфекции необходимо проводить лечение одновременно половых партнеров.
Курс лечения повторяют при необходимости через 4-6 недель.

При трихомониазе у мужчин (уретрит) Метронидазол назначают однократно в дозе 2000 мг или в виде курсового лечения в течение 10 дней по 1 таблетке (250 мг) 2 раза в день.При неспецифических вагинитах применяют по 500 мг метронидазола 2 раза в день в течение 7 дней. При лечении анаэробных инфекций взрослым назначают Метронидазол по 1000-1500 мг в день, детям – из расчета 20-30 мг/кг в день.

При гастродуоденальных язвах, связанных с Helicobacter pylori, применяют по 250-500 мг 2 раза в день в комбинации со специфическими противоязвенными препаратами.

Применять по назначению врача.
Амебиаз кезінде Метронидазолды 7 күн бойы ішке тағайындайды – ересектерге күніне 1500 мг-ден, 5-10 жастағы балаларға – күніне 375 мг-ден, 10-15 жастағыларға – күніне 500 мг-ден. Препаратты күніне 2-3 рет қабылдау керек.

Лямблиоз кезінде препаратты 5 күн бойы тағайындайды – ересектерге күніне 750-1000 мг-ден, 5-10 жастағы балаларға – күніне 375 мг-ден, 10-15 жастағыларға – күніне 500 мг-ден. Тамақтанғаннан кейін күніне 2-3 рет қабылдау керек.

Әйелдерде трихомониаз (уретрит және вагинит) кезінде Метронидазолды бір рет 2000 мг дозада немесе курстық емдеу түрінде 10 күн бойы тағайындайды: күніне 2 рет 1 таблеткадан (250 мг). Ішке қабылдаумен қатар кешкісін құрамында 250 мг метронидазол бар 1 қынаптық суппозиторий немесе қынаптық таблетка тағайындалады.

Жұқпаның қайталануын болдырмау үшін жыныстық жұптастарды бір мезгілде емдеу керек.

Емдеу курсын қажеттілігіне қарай 4-6 аптадан соң қайталайды.

Еркектерде трихомониаз (уретрит) кезінде Метронидазолды бір рет 2000 мг дозада немесе курстық емдеу түрінде 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан (250 мг) тағайындайды.

Спецификалық емес вагиниттер кезінде Метронидазолды 7 күн бойы күніне 500 мг-ден 2 рет қолданады. Анаэробты жұқпа кезінде ересектерге Метронидазолды күніне 1000-1500 мг-ден, балаларға – күніне 20-30 мг/кг есебімен тағайындайды.

Helicobacter pyloriмен байланысты гастродуоденальді ойық жара кезінде арнайы ойық жараға қарсы препараттармен біріктіріп күніне 250-500 мг-ден 2 рет қолданады.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Взаимодействие с лекарствами

Метронидазол можно назначать в сочетании с сульфаниламидами и антибиотиками. Прием препарата понижает потребность в инсулине больных сахарным диабетом. При одновременном применении с антацидами, содержащими алюминия гидроксид, с колестирамином немного уменьшается абсорбция метронидазола из ЖКТ. При одновременном применении метронидазол потенцирует действие непрямых антикоагулянтов. При одновременном применении с дисульфирамом возможно развитие острых психозов и нарушение сознания.

Нельзя исключить повышение концентрации карбамазепина в плазме крови и повышение риска развития токсического действия при одновременном применении с метронидазолом. При одновременном применении с ланзопразолом возможны глоссит, стоматит и/или появление темной окраски языка; с лития карбонатом – возможно повышение концентрации лития в плазме крови и развитие симптомов интоксикации; с преднизоном – повышается выведение метронидазола из организма вследствие ускорения его метаболизма в печени под влиянием преднизона. Возможно уменьшение эффективности метронидазола.

При одновременном применении с рифампицином повышается клиренс метронидазола из организма; с фенитоином – возможное небольшое повышение концентрации фенитоина в плазме крови, описан случай развития токсического действия. При одновременном применении с фенобарбиталом существенно повышается выведение метронидазола из организма, по-видимому, вследствие ускорения его метаболизма в печени под влиянием фенобарбитала. Возможно уменьшение эффективности метронидазола.

При одновременном применении с фторурацилом усиливается токсическое действие, но не эффективном фторурацила. Описан случай развития острой дистонии после приема однократной дозы хлорохина у пациента, получающего метронидазол.

При одновременном применении с циметидином возможно ингибирование метаболизма метронидазола в печени, что может привести к замедлению его выведения и повышению концентрации в плазме крови. При одновременном применении этанола у пациентов, получающих метронидазол, возможно развитие дисульфирамоподобных реакций.
Метронидазолды сульфаниламидтермен және антибиотиктермен бірге тағайындауға болады. Препаратты қабылдау қант диабеті бар науқастардың инсулинге деген қажеттілігін төмендетеді. Құрамында алюминийдің гидроксиді, колестирамин бар антацидтермен бір мезгілде қолданғанда АІЖ-дан метронидазолдың сіңірілуі аздап азаяды. Бір мезгілде қолданғанда метронидазол тікелей емес антикоагулянттардың әсерін көтермелейді. Дисульфираммен бір мезгілде қолданғанда психоздың жедел түрі және сананың бұзылуы дамуы мүмкін.

Метронидазолмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында карбамазепин концентрациясының жоғарылауын және уыттылық әсердің даму қаупі жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды. Ланзопразолмен бір мезгілде қолданғанда глоссит, стоматит және/немесе тілдің қараюы байқалуы мүмкін; литий карбонатымен – қан плазмасында литийдің концентрациясы және уыттану симптомдарының дамуы мүмкін; преднизонмен – преднизонның ықпал етуімен бауырда метаболизмін жылдамдатуы салдарынан организмнен метронидазолдың шығарылуы жоғарылайды. Метронидазолдың тиімділігі азаюы мүмкін.

Рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың организмнен клиренсі жоғарылайды; фенитоинмен – қан плазмасында фенитоиннің концентрациясы аздап жоғарылауы мүмкін, уыттылық әсерінің дамыған жағдайы сипатталған. Фенобарбиталмен бір мезгілде қолданғанда фенобарбиталдың ықпал етуімен бауырдағы метаболизмінің жылдамдауы салдарынан организмнен метронидазолдың шығарылуы елеулі жоғарылайды. Метронидазолдың тиімділігі азаюы мүмкін.

Фторурацилмен бір мезгілде қолданғанда уыттылық әсері күшейеді, бірақ фторурацилдың тиімділігіне әсер етпейді. Метронидазолды алып жүрген емделушілерде хлорохиннің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін жедел дистонияның дамыған жағдайы сипатталған. Циметидинмен бір мезгілде қолданғанда бауырда метронидазол метаболизмінің тежелуі мүмкін, бұл шығарылуының баяулауына және қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Метронидазол алып жүрген емделушілерде этанолды бір мезгілде қолданғанда дисульфирамға ұқсас реакциялар дамуы мүмкін.

Передозировка метронидазолом в таблетках

Симптомы: усиление побочных действий.

Лечение: симптоматическое.
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь почти полностью всасываются. Одновременный приём пищи не влияет на абсорбцию метронидазола. После перорального приёма в дозе 200 мг максимальная концентрация в плазме крови (около 5 мкг/мл) достигается примерно через 1-2 ч. С белками плазмы крови связывается менее 10 % метронидазола. Быстро распределяется в организме. Метаболизм осуществляется в печени путем окисления и связывания с глюкуроновой кислотой. Выведение препарата осуществляется на 40-70 % через почки (в неизменной форме – около 20 % от принятой дозы) и с калом – в неизменном виде и в виде различных метаболитов, в течение 5 суток после однократного введения.
Ішке қабылдаған кезде толықтай дерлік сіңеді. Тамақтанғанда бірге қабылдау метронидазолдың сіңуіне әсер етпейді. 200 мг дозада ішу арқылы қабылдағанда қан плазмасында ең жоғары концентрациясына (5 мкг/мл жуық) шамамен 1-2 сағаттан соң жетеді. Метронидазолдың 10%-дан аздауы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Организмде тез таралады. Метаболизмі бауырда тотығу және глюкурон қышқылымен байланысу жолымен жүзеге асады. Препарат бір рет енгізгеннен кейін 5 тәулік бойы бүйрек арқылы 40-70% (өзгермеген түрде – қабылданған дозаның 20% жуығы) және нәжіспен – өзгермеген түрде және әртүрлі метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамика

Метронидазол является производным 5-нитроимидазола с противопротозойным и антибактериальным действием. Он легко проникает в одноклеточные организмы простейших и бактерий и вызывает нарушение структуры ДНК. Обладает широким спектром действия в отношении анаэробных микроорганизмов – Peptococcus, Peptostreptococcus, Bacteroides sp., Clostridium sp., Fusobacterium, Prevotella, Veilonella. Подавляет развитие простейших – Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis (Lamblia intestinalis), Entamoeba hуstolytica.

Обладает сильным бактерицидным действием в отношении анаэробных бактерий:
  • грамотрицательных палочек: Bacteroides species, вместе с группой Bacteroides fragilis (B. fragilis, B. distasonis, В. ovatus, B. Thetaiotaomicron, B. vulgatus), Fusobacterium species, Veillonella
  • грамположительных палочек: Eubacterium, Clostridium
  • грамположительных кокков: Peptococcus species, Peptostreptococcus species.
Метронидазол не оказывает бактерицидного действия в отношении большинства аэробных бактерий и факультативных анаэробов, грибков и вирусов.
Метронидазол протозойға қарсы және бактерияға қарсы әсерімен 5-нитроимидазол туындысы болып саналады. Ол қарапайымдылар мен бактериялардың жалғыз жасушалы организміне жеңіл өтеді және ДНҚ құрылымының бұзылуын туғызады. Анаэробты микроорганизмдер – Peptococcus, Peptostreptococcus, Bacteroides sp., Clostridium sp., Fusobacterium, Prevotella, Veilonellaға қатысты әсер ету ауқымы кең. Қарапайымдылар – Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis (Lamblia intestinalis), Entamoeba hуstolytica дамуын тежейді.

Анаэробты бактериялар:
  • грамтеріс таяқшалар: Bacteroides fragilis (B. fragilis, B. distasonis, В. ovatus, B. Thetaiotaomicron, B. vulgatus), Fusobacterium species, Veillonella тобымен бірге Bacteroides species;
  • грамоң таяқшалар: Eubacterium, Clostridium;
  • грамоң коктар: Peptococcus species, Peptostreptococcus species-ке қатысты алғанда күшті бактерицидтік әсерге ие.
Метронидазол көптеген аэробты бактериялар мен факультативті анаэробтарға, зеңдер мен вирустарға қатысты бактерицидті әсер етпейді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной или аналогичной импортной и фольги алюминиевой печатной лакированной или аналогичной импортной. Первичные упаковки вместе с соответствующим количеством инструкций по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в ящик из гофрированного картона.
10 таблеткадан поливинилхлоридті немесе баламалы импорттық үлбірден және баспалы лакталған немесе баламалы импорттық алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. Бірінші қаптамасы медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.